Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» КММ - де «Төрт тоқсан - төрт өнер» тұжырымдамасы бойынша домбыра бөлімінің мұғалімі жусупова б.с. оқушылардан құралған ұлт аспаптар ансамблін ұйымдастырды. Қазақстан Республикасы бойынша жалпы білім беретін ұйымдар, негізгі орта мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарында Оқу - ағарту министрлігінің бастамасымен «Төрт тоқсан - төрт өнер» жобасы жүзеге асырылуда. Білім алушылардың әлеуметтік бейімделуін, олардың белсенді өмірлік ұстанымын, патриоттық мұраттарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған жоба аясында әр тоқсан сайын жаппай мерекелер, байқаулар, көрмелер, сайыстар, олимпиадалар, фестивальдер өткізіледі. Жобаның іс - шаралары бойынша оқу жылының III тоқсаны «Ұлттық өнер көрмесі» өткізілді. Жоба аясында қазақ ұлт аспаптарын оқушыларымыз бас домбыра, шертер, шаң қобыз, сыбызғы, қыл қобыз, сырнай, дауылпаз домбыра, аспаптарымен халық күйі “Сары өзен” күйін орындады. Халық аспаптары атадан кейінгі ұрпаққа мирас ретінде мұра болып қалары анық.