Кітап – адамзат баласына баға жетпес асыл құндылық. Осыған орай, оқушының кітап оқу іс-әрекетін дамыту және оқушының кітап оқуға деген ынтасын ілгерілету мақсатында, "Мамыр - Ынтымақ айы" айлық іс-шарасының бірі ретінде "Каникулда кітап оқиық" тақырыбында бітіруші түлектер сыныбы буккроссинг ұйымдастырды.

Музыкалық кітаптарды оқу барысында оқушылар әндерден рухани тәрбие алып, тарихи маңызы бар оқиғалардың мазмұнын терең ұғына бастады. Себебі композиторлар мен әнші-күйшілер өз шығармаларын осы жеті нота арқылы жеткізген. Оқушылар бір-бірімен кітап алмасып, жаңашыл білім іздеп, қызығушылықтары артты. 17 мамыр кітап оқу күніне орай, 5 сынып бітіруші түлектеріміз сольфеджио сабағында бір мезгілде кітап оқыды. Әр түрлі музыкалық жанрдағы кітаптармен танысып, мазмұнын жеткізді. Сабақты өткізген Қабиден Г.С.

#біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministrligi
@gani.beisembayev
@medetbekovameruert
@kost__bilim
@petrenko_e.a_official
@arkalyk_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@gani.beisembayev