Ұлттық өнер – ұлылығымыздың белгісі. 5 шілде күні Астана күні қарсаңында Арқалық қаласында ұлттық рухымызды шыңдап, мәдениетімізді байыту мақсатында “Домбыра думан” атты рухани мерекелік іс-шара өтті. Қала әкімі Әмірхан Біркенұлы Асанов қала тұрғындарын айтулы қос мерекемен құттықтап, салтанатты шараға қатысқан барлық өнер жанашырлары, домбыра жетекшілері мен өнерпаздарды марапаттады.
Аталған іс-шарада 300 домбырашы бір мезетте 7 күй орындап, соның ішінде біздің Б. Байқадамов атындағы балалар музыка мектебінен 50 бала мен 10 мұғалім қатысты. Арқа сазы ансамблі “Бақтыбайдың әуенін”, Олжас Кенен Әзірбаевтың “Ой жайлау” әнін, “Наркескен” ансамблінде Гүлнұр Балташова мен Олжас Мүшелбайұлы, “Күй тартыста” Нұрхан Қабылахатұлы, Әділ Қакиевич, Азамат Жанкелдіұлы, Асан Балғабекұлы өнерлерін көрсетті. Н. Тілендиевтің “Әлқисса” күйін “Арқа сазы” ансамблі ойнап, кейін оркестрмен жалғасын тапты.
Мерекелік іс-шара халықты дәстүрлі ән мен жырға бөледі. Домбыраның күмбірін келтіре отырып, дәстүрлі ән өнерінің майталмандарына деген қошемет өте жоғары болды. Биылғы жылы жоспарланған 2024 домбырашының қатысуымен өтетін 7 күй тарту ауқымды іс-шарасы арнайы жағдайларға байланысты келесі жылға ауыстырылды.
Салтанатты мерекелік іс-шара “Гүлдене бер, Арқалық!” атты қала жастарының мерекелік концерттік бағдарламасы және би кешімен жалғасын тапты.
#біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministrligi
@gani.beisembayev
@medetbekovameruert
@kost__bilim
@petrenko_e.a_official
@arkalyk_bilim_bolimi
@kbbo.arq
@rumcdo_official
@gani.beisembayev
@culture_arqalyq
@culture_qostanai









