Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Бақытжан Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік білім беру ұйымы педагогының бос және уақытша бос лауазымдарына 2024-2025 оқу жылына конкурс жариялайды.
1. Лауазым: қазақ тілінде оқытатын қылқобыз аспабының мұғалімі (бос орын саны - 1, жүктеме сағаты - 1).
2. Лауазым: қазақ және орыс тілінде оқытатын фортепиано аспабының мұғалімі (бос орын саны - 1, жүктеме сағаты - 1).
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
- Жоғары музыкалық білімі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
- Біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған жағдайда педагогикалық жұмыс өтілі:
- педагог-модератор үшін - кемінде 2 жыл;
- педагог-сарапшы үшін - кемінде 3 жыл;
- педагог-зерттеуші үшін - кемінде 4 жыл;
- біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі - 5 жыл.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1. Осы қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген - бар болса);
4. Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
https://baikadamov-muzshkola.arkalyk.edu.kz/kz/zhanaly-tar/243-bos-lauazymdar-a-konkurs-zhariyalandy-2024-2025-o-u-zhyly.html#sigFreeIdf120f8202a









