Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін «Мектепке жол» жыл сайынғы қайырымдылық акциясы 2019 жылдан бастап жыл бойы жүзеге асырылатын форматқа ауыстырылды.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы нашар отбасылардың балаларына, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуін алдын алу.
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында мектебіміздің көп балалы мұғалімдері мен кіші қызметкерлеріне кәсіподақ ұйымы атынан ақшалай көмек көрсетілді.