В рамках КР бағдарламасы 2024 жылдың 27 қыркүйек күні сағат 15:00-де Фурманов ауылы, Фурманов ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының 2023-2029 жылдарға арналған мәдени саясатының тұжырымдамасын және облыс әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақаловтың хаттамалық тапсырмасын іске асыру мақсатында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Б. Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» өнерпаздарының «Тәуелсіз елдің өнерлі өрендері» атты көшпелі концерттік бағдарламасы өтті.

Концерттік кеште оқушылардан құралған Ұлт-аспаптар ансамблі Айбол Құдайбергеновтің «Көне Тараз күмбірі» атты күйін орындады. Арсланбек Сұлтанбековтің «Домбыра» күйі домбырашы қыздар ансамблінің орындауында тамашаланды. Сондай-ақ, «Аманат» әнімен әншілер триосын қарсы алып, халық әні «Илигай» фортепианода орындалды, «Айттым сәлем, Қаламқас» әні қобызшылар ансамблінің орындауында шырқалды. Балташ Нұртастың орындауында «Сағынамын» әні, Мадиқызы Айғанымның орындауында «Хоровод феи», «Үш Меркі» әні және «Алтынай Ақжелең» күйі орындалды. Қобызшылар ансамблі Қырғыз әні «Жолыққан қандай жақсы» және «Ауылға барамын» әнін Қапан Олжас орындады. «Haddaway - What is Love» әнін Трио аккордеонистов орындап, ары қарай «Мерекелеріңізбен» әні шырқалды. Кешті Арқа сазы этно-фольклорлық ансамблі қорытындылады.

Тәуелсіздігіміздің туын биікте желбіретіп, төскейін төрт түлікке, қамбасын алтын дәнге толтырып, шаруашылығын өркендеткен, берекелі, мерекелі Фурманов ауылына арналған концерттік бағдарламамыз осымен тәмамдалды.

#kpiбағдарламасыаясында
#kpiбағдарламасы
#біртұтас_тәрбие
@rumcdo_official
@oqu_agartu_ministrligi
@rcfk_i_do
@kost__bilim