Қарттар күніне орай Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебінде «Аман болшы қарттарым» атты мерекелік кездесу кеші өтті.
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Қарттарымыздың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдарының біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың қаламыздың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.

#біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministrligi
@rcfk_i_do
@kost__bilim
@rumcdo_official