Құттықтаймыз!

24 қазан күні Арқалық қаласы Ә.Боранбаев атындағы кинотеатрында «Жастар-Азаматтық бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 25 қазан Республика күніне орай өткізілген «Бабадан қалған-байтағым» атты қалалық оқушылар арасындағы патриоттық әндер байқауында вокал бөлімінің оқушылары Дәулет Айару 1 орын алып, арнайы «Арқалық қаласы білім бөлімі» ММ басшысының және «Жастар-Азаматтық бастамалар орталығы ҚБ» төрағасының дипломы мен 30 000 теңге сертификатына ие болды. Ал Кенжебай Айару 3 орын және 10 000 теңге сертификатын иеленді. Жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтай отырып, әнші қыздарымызға алдағы үлкен байқауларда тек шығармашылық шабыт тілейміз! Жетекшісі — вокал бөлімінің мұғалімі Баяхметова Гүлнұр Балташовна.

#Біртұтас_тәрбие #Даналық_ұстаздан
@oqu_agartu_ministrligi
@rcfk_i_do
@kost_bilim