«Тобыл толқыны» ашық қалалық конкурс-фестивалінде «Арқа сазы» халық ұлт аспаптар ансамблі Бас жүлде және 300 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды! Құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тобыл толқыны» Қ.Деріпсалдин, А.Әмірханов, Н.Молдахметов атындағы ІІ қалалық ашық конкурс-фестивалі өткізілді.
Конкурс үш бағытта өтті:
1. Абай Әмірханов атындағы Қазақ халық аспаптары ансамбльдерінің конкурсы;
2. Назымбек Молдахметов атындағы домбырашылар конкурсы;
3. Қалибек Деріпсалдин атындағы ән орындаушылар конкурсы.
Барлық қатысушылар бір конкурстық шығармадан орындауы қажет. Ансамбльдер мен домбырашылар өз таңдауы бойынша екі шығарма орындайды. Солист-вокалистер Қалибек Деріпсалдиннің немесе Қостанай облысының композиторларының әндерін орындайды. Әндер тек ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.
Абай Әмірханов атындағы Қазақ халық аспаптары ансамбльдерінің конкурсына 10 халық аспаптар ансамблі қатысты. Арқалықтың намысын «Арқа сазы» халық ұлт аспаптар ансамблі қорғап, Бас жүлдені алып, арнайы диплом және 300 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Жетекшісі — Аканов Адиль Какиевич. Әріптестерімізді жүлделі жеңістерімен құттықтай отырып, жүлделі орындарыңыз көп болсын деген шынайы тілектерімізді білдіреміз! Жарайсыздар!
#Біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministrligi
@gani.beisembayev
@medetbekovameruert
@arkalyk_bilim_bolimi
@petrenko_e.a_official
@kost__bilim
https://baikadamov-muzshkola.arkalyk.edu.kz/kz/zhanaly-tar/271-ar-a-sazy-ansambli-bas-zh-lde-zhe-ip-aldy.html#sigFreeId3e691f3b30









