01. 03. 2025 жылы "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында, 1 наурыз - Алғыс айту күні мерекесіне орай, Алматы қаласы Білім басқармасы N6 Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен өткен КМҚК ЮНЕСКО Клубы ІІІ Халықаралық «Accordion fest» байқауына қатысқаны үшін Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебінің мақтанышы, мектебіміздің дарынды оқушысы Ақышев Асанали марапатталды.
Жетекшісі Газизова Роза Амангельдеевна өскелең ұрпаққа музыкалық - эстетикалық тәрбие беру мен ұлттық мәдениетімізді сақтауға қосқан елеулі үлесі мен жеміті еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталды.
Әріптесімізбен өнерлі оқушымызды құттықтай отырып, мақсаттарыңыз абыроймен орындалып, жұмыстарыңыз табысты болып, ел ықыласына бөленіп осылай қаламыздың атын қорғап әрқашанда алға қарай өрлей беруіңізді тілейміз!