2025 жылдың 9 - 10 сәуір аралығында Қостанай облысы Рудный қаласында өткен «Көктем әуендері» атты жас музыканттардың I - ші облыстық байқау - фестивалінде мектебіміздің дарынды оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, жүлделі орындармен оралды.
Қазақ халық аспаптар (ансамбль) номинациясында Б. Байқадамов атындағы балалар музыка мектебінің «Домбырашылар» ансамблі 1 дәрежелі лауреат дипломымен марапатталды.
Қазақ халық аспаптар (домбыра) номинациясында 1 дәрежелі лауреат дипломымен Жусупбек Зере, 2 дәрежелі лауреат дипломымен Ибрагим Бауыржан және Әбдіқадыр Айшабике, 3 - дәрежелі лауреат дипломымен Аслан Нұрдаулет, марапатталды.
Қазақ халық аспаптар (қобыз) номинациясында 3 дәрежелі лауреат дипломымен Әбдімәлік Жасмин және Сабитбек Назым марапатталды.
Вокальное искусство номинациясында 2 - дәрежелі лауреат дипломымен Дәулет Айару, 3 дәрежелі лауреат дипломымен Таубалды Нұржайна марапатталды.
Вокальное искусство номинациясында Бердағы Амина мен Сейтжан Жаннұр,
Қазақ халық аспаптар (домбыра) номинациясында Тұрғын Мұстафа және Вовченко Даниель,
Қазақ халық аспаптар (қобыз) номинациясында Қойшыбай Ақбаян дипломант атанды.
Жетекшілері:
Жусупова Балым Сейтхановна
Аканов Адиль Какиевич
Хасенова Райхан Мусиловна
Жұмабаев Мейрамғали Қонысбаевич
Тулегенова Жадыра Арқабаевна
Баяхметова Гүлнұр Балташовна
Мырзагалиева Нурсая Абдикаримовна
Күйсандықта сүйемелдеуші:
Молдажанова Жумаш Кайрулаевна
Барлық жүлдегер оқушыларды құттықтаймыз. Тағы да көптеген жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз.