ХХІ «Алтын микрофон» аймақтық әншілер байқауы

14 сәуір күні Арқалық қаласындағы жасөспірімдер театрында ХХІ “Алтын микрофон - 2025” аймақтық әншілер байқауының іріктеу кезеңі өтті.

Бұл шара - дарынды жастардың шығармашылығын шыңдауға, өнер жолындағы алғашқы қадамдарын нық басуға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Бойында таланты бар ұл - қыздар сахнаға шығып, вокалдық қабілеттерін көрсетіп, қазылар алқасының талқысына түсіп, өнерлерін бағалатуда. Әрбір қатысушы ерекше дайындықпен келіп, түрлі жанрда әндер орындап, көрермендер мен қазылардың қошеметіне бөленді.

Байқаудың басты мақсаты - жас таланттарды анықтау, қолдау көрсету және олардың болашақ шығармашылық жолына жол ашу. Қазылар алқасының құрамында кәсіби музыканттар, вокалдық педагогтар мен мәдениет саласының өкілдері. Олар қатысушылардың дауыс диапазонын, сахна мәдениетін, орындаушылық шеберлігін ескере отырып, әділ бағаларын берді.

Іріктеу қорытындысы бойынша: 

Кіші топ /7 - 10жас/: 
3 орын - Қабденова Аяла (Б. Байқадамов атындағы балалар музыка мектебінің өнерпазы) жетекшісі: Баяхметова Гүлнұр Балташовна

Орта топ/11 - 13жас/: 
2 орын - Сейтжан Жаннұр (Б. Байқадамов атындағы балалар музыка мектебінің өнерпазы) жетекшісі: Баяхметова Гүлнұр Балташовна

Үлкен топ: 
1 орын - Даулет Айару (Б. Байқадамов атындағы балалар музыка мектебінің өнерпазы) жетекшісі: Баяхметова Гүлнұр Балташовна