Педагогтерді аттестаттаудан өткізу ережелері мен шарттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Ә.Сембіғұл аттестаттау қағидаларының негізгі философиясы, академиялық адалдық және аттестаттау рәсімін өткізу кезінде педагогикалық этиканы сақтауды назарға алу керектігін айтты.Сонымен қатар,аттестаттау қағидаларының, шарттары мен тәртібінің негізгі тараулары бойынша егжей-тегжейлі түсіндірме берді.Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 15-бабы 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес педагогтерді аттестаттау бес жылда бір рет, ал білім беру ұйымдарының бірінші басшылары Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 44-бабы 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет өткізілетіні ескертілді.









