Шебер ұстаз-табысты оқушы атты педагогтарды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын түсіндіру жұмысы кезінде ҚББҰ-ның педагогтары төмендегідей пікірлер қалдырды. -Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Сембіғұл Н.Ә. -Педагогтарды аттестаттаудан өткізу бойынша қағидалары мен шарттарына бірнеше өзгерістер енгізілген.Айта кететін болсам,ҚББҰ үшін ПББ тапсырған кезде Педагогика және психология негіздері бойынша екі пәннен жалпы 50 тапсырма келетіні қуантады.Бірақ биылғы жылдан бастап басшы және орынбасарлары үшін ҚР заңнамаларына сәйкес 60 тапсырмадан келеді екен.Алдағы уақытта осы сәуір айында ескі санат алған мұғалімдер бірінші ПББ өтіп,сосын барып мемлекеттік қызмет көрсету бойынша құжаттардың тізімі бойынша биыл ғана қағаз түрінде тапсыралытындығы жөнінде педагогтарға ескертілді.Ұстаз ұлттық платформасы біздің облысымызда жұмыс жасаған кезден бастап,барлық мұғалімдердің ақпараттары жеке кабинетінде сақталатыны қуантады.Аттестаттаудың ережесі түсінікті әрі жұмыс жасауға ыңғайлы,ҚББҰ-ның мұғалімдері үшін тағыда оң өзгерістер болады деген сенімім мол. Жоғары санатты Домбыра аспаның мұғалімі Жусупова Б.С. -Ұстаздық тәжірибені тестпен бағалау дұрыс емес деп ойлаймын.Әрине 30 жыл еңбек өтілі бар жане зейнетке шығуға 4 жыл қалған мұғалімдерді тесттен босату қуантарлық жағдай. Бірак менің ойымша барлық мұғалімдерді сабақ өткізуіне қарай бағалау керек деп есептеймін, тест тапсыруымен емес. -Жоғары санатты Фортепиано аспабының мұғалімі Молдажанова Ж.К. Очень хорошо, что со стажем более 30 лет отменили тесты! Хотела уточнить- у меня по-старому Высшая категория, а когда сдавать портфолио? Жас маман Қабиден Г.С. -Қазіргі таңда талқыланып жатырған №83 бұйрық негізінде жалпы аттестатцияның ережесі түсінікті түсіндірілді.Өзім қазіргі таңда декреттік демалысқа шығатындықтан,аттестациядағы 2 тарау 51 қосымшаға сәйкес,декреттік демалыстан шыққаннан кейін,алғашқы санатқа берген жағдайда 1 жылдан 2 жылға дейін ұзартылғаны қуантады.